Жаңалықтар

ҚАРА БАЛЫҚ ҚЫРЫЛУДА

Атырауда бір аптадан бері қара балықтың қырылуы байқалуда. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің сөзінше, алғашқы дерек 21 сәуір күні Дамбыдағы Приморск каналынан аз мөлшерде тіркелген. Алайда өлген балықтардың көлемі күн сайын артуда. Мамандар мұны табиғи құбылыс деп топшылап отыр. Себебі балықтар соңғы уақыттағы Каспийден соққан қатты желдің әсерінен сумен бірге көтеріліп, қамыс арасында қалып қойған,- дейді олар.

Еламан ХАБИБУЛЛИН, Дамбы инспекциясы бөлімінің басшысы

-Табиғи құбылыс, табиғи өлімі балықтардың. + Бұл балықтар су қайтқан мезгілде, шыға алмай қамыстың арасынан, ауа жетпей қырылған. Кейін су көтерілген мезгілде Приморскии каналына кіріп, сумен ығып, Жайықтың бағытына қарай ығып келе жатыр. +Судың сынамалары алынды, қазір лабораторияда тексеріп жатыр.+Жаппай уланудан болса немесе басқа да бір жағдайдан болса Жайықтанда байқалған болар еді.

Бүгінге дейін жиналған 1 тоннаға жуық өлі балық канал маңына жақын жерге көмілуде. Қырылған балықтан тазарту жұмыстарына Дамбы инспекция бөлімі мен балық шаруашылығы кооперативтерінен 30-ға жуық адам жұмылдырылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *