Жаңалықтар

130 ОТБАСЫНЫ ҚУАНТТЫ

Еріктілер елге қызмет етуде. Қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз» акциясына 50-ден астам ерікті қатысты. Олардың қатарында әртүрлі маман иелері мен мемлекеттік қызметкерлер бар.

Жалғас БАҒЫТЖАНҰЛЫ, ерікті  

Волонтерлар қатарымыз аз емес, өткен акцияларды әлеуметтік желіге салуда, қатарымыз көбеюде. Қиын қыстау кезде жақсылық жасап, волонтрерлардың саны көбеюі өте қуанышты сезім ұялатады. Еріктілердің арасында тек студенттер, оқушылар емес, сонымен қатар басқарма басшылары, педагогтар да өз үлесін қосып жүр. +Біз біргеміз.

Акцияның алғашқы кезеңінде 1100-ден астам отбасы азық-түлікпен қамтылған еді. Олардың қатарында жалғызбасты қариялар, мүгедектер мен көпбалалы отбасылар бар. Ал екінші кезеңде атыраулықтардан  360 өтініш келіп түсіп, 228-іне көмек көрсетіліпті. Енді қалған 132-сі қамтылады.

Динара ЖОЛАМАНҚЫЗЫ, тілші

Дайындалған азық-түлік себеттеріне 12 түрлі тағам салынған. Яғни, халық көп тұтынатын жұмыртқа, сүт, шәй, секер, күріш, ұн, сұйық май секілді тағамдар. Бұл жалғыз басты қарияларға шамамен 3-4 аптаға жетеді.

Жұмыстың барысы түсіндірілгеннен кейін еріктілер азық-түлікті жеткізуге кірісті. Алдымен Авангард ықшам ауданында тұратын жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі барлардың үйіне беттедік. Себет толы тағамды алған олардың қуаныштарында шек болмады. Әкімдіктегілердің сөзінше, мұқтаж жандар қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен де қамтамасыз етіледі.

Ұлықбек ТІНАЛИЕВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары

бұл отбасылар қалай таңдалып отыр?! Бүгінгі күні бізде әлеуметтік желіде, 109, сонымен қатар өзімізде горячий линия ашып қойдық. Түрлі волонтерлық ұйымдарға хабарласөқан адамдарды таңдап, олардың табыстарын қарап, мұқтаждықтарын анықтап,зерделенгеннен кейін көмек көрсетіледі. Жалпы,  бірінші кезеңде 1100 отбасы карзинамен қамтылды. 179 жалғызбасты және мүгедектер күнсайын ыстық тағаммен қамтылып, апарылып отыр.

Айта кету керек, мұндай игі бастамаға қаладағы 60-тан астам кәсіпкер атсалысуда. Және қалалық әкімдік әлі де 640 отбасыға қолын ұшын созамыз деп отыр. Ал көмекке мұқтаждардың тізімі  күнделікті жаңарып, толықтырылып тұрады. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *