Жаңалықтар

«АЛТЫН ӘЙЕЛ» РЕКОНСТРУКЦИЯЛАНАДЫ

Атырауда әйел «алтын адамның» реконструкциясы жасалады. Еске салсақ, 2017 жылы Миялы қорғандарынан табылған алтын және күміс бұйымдар мен қару-жарақтар Алматыдағы апробация орталығына жіберілген болатын. Археологтар осы жәдігерлердің жауынгер әйелге тиесілі болғанын топшылап отыр. Сондықтан да төтенше жағдай режимі аяқталған бойда Миялыдағы 3 қорғанда тағы бір мәрте қазба жұмыстарын жүргізіп, сармат жауынгері — алтын адамды құрастырып шығамыз,- дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

Рашида ХАРИПОВА, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы

-Қазба жұмыстары кезінде табылған бұйымдардың барлығы музей қорына қабылданған кезде сары түсті металл деп қабылданды. Олар арнайы Алматы қаласынан сертификаттау және опровациялау орталығынан лабораториялық зерттеулерден өткізді. Осы зерттеудің нәтижесінде бір алтын сырғаның бөлігінің салмағы 3,5 граммнан және 91% алтыннан тұратындығы анықталды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *