Жаңалықтар

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЛІКТІ

Мұнайлы өңірде дәрі-дәрмек жеткілікті. Олардың дәріханалардағы бағасы қатаң бақылауда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен  6200-ге жуық дәрілік препараттың шекті бағасы қойылған. Атырау облыстық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер осылай деп отыр. Ал бір реттік маска жоқтың қасы.   Бірақ жуық арада келеді,- деп сендірді олар. Айта кетейік, шекті баға медициналық бетпердеге де бекітілген.

Данагүл ШАНАЕВА, Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы

-Бір реттік бетпердеге 118тг шекті баға қойылды. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша қала және аудан дәріханаларында ТЖ-ға қажетті дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саны төмендегідей: яғни перчаткалар 185мыңнан астам, респиратор 3860, көпреттік қолданатын бетперделер 7000-нан астам. Этил спирті 100мыңның үстінде. Хлоргексидин 800, антисептик 4000-нан астам және парецтамол дәрілік заты сатылымда бар.

Бұлардың бағасына департаменттегілер күнделікті мониторинг жүргізіп отырғандарын айтады. Әзірге препараттарды  шекті бағадан асырып сатқан фармацевттер анықталмаған.  Олай болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *