Жаңалықтар

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Өткен жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға 39 млрд теңге бөлінген. Оған 37 елдімекендегі 230 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы жүргізіліпті. Бұл туралы аймақ басшысының қатысуымен өткен селекторлық жиналыста айтылды. Облыстық Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевтің сөзінше, өңірдегі жолдың жалпы ұзындығы 3000 шақырымнан асады. Оның үштен бірі республикалық маңызға ие жол болса, 2000 шақырымы жергілікті.

Әсет ОРАЗҒАЛИЕВ, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы

  • 56 елдімекенде мүлдем қатты жол жабындылығы жолмен қамтамасыз етілмеген. Құрманғазы ауданында мысалы 23 елдімекен болатын болса, мүлдем жолмен қамтамасыз етілмеген. Қызылқоға ауданында 13 елдімекен бар. Басқа аудандар бойынша жағдай тұрақты. Индер ауданында тек қана 3 елдімекен бар. Мақат ауданында 1 елдімекен Ескене ауылы. Ескене ауылына бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтап жатырмыз, кірме жол мен ауылдың орталық көшесі бойынша.

Қазір ең маңызды жоба «Атырау-Астрахань» халықаралық автокөлік жолын қалпына келтіру болып отыр. Өңір басшысы жобаны іске асырудың барлық механизмін есепке алу керектігіне назар аударды. Бүгінде оған экономикалық жағдайдың біраз әсер етіп отырғанын да жасырмады.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысы әкімі

  • Қазір енді жағдай өзгерді. Қаражат тапшылығы да бар. Сондықтан ауылдардың жағдайына, жолдың жағдайына қарап, қажеттілігіне қарап жоспарлауымыз керек, кері тартасыңдар. ПСД дайын, күйіп кетеді, 21 бітеді. Ол ПСД жасаған кезде жағдай басқаша болды ғой. Сондықтан бірінші қажеттілігіне қарап жоспарлап алыңдар.

Жасалған жұмыстардың сапасына қатысты кемшіліктер де жоқ емес. Кей жағдайларда технологияны сақтамау, пайдаланылған материалдар мен өндірістік процестердің сапасын толыққанды бақылаудың жоқтығы байқалатынын айта келе, Махамбет Досмұхамбетов жасалған жұмыстардың сапасы мен мемлекет қаражатының мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Қазір Атырау облысындағы мардымды жолдың үлесі – 57% ды құрап отыр. Жоспар бойынша 2025 жылы бұл көрсеткіш  — 95 пайызды құрауы тиіс. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *