Жаңалықтар

1500 АДАМ БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН

Теңіз кенішіндегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен 1500-ден астам адам байланыста болған. Сәуірдің орта тұсында қауіпті дертке шалдыққандардың көбеюіне орай кенішінен шұғыл емес 17 000 қызметкерді шығару жоспарланған еді. Қазір олардың алпыс пайызға жуығы уақытша босатылды. Төрт мың жұмысшы әуе жолымен, алты мың адам темір жол қатынасы және автобус арқылы тасымалданды.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы

-Бүгінгі күнге дейін олардың 10мыңнан астамы шығарылып, өздерінің тұрғылықты мекен-жайларына әуе жолдарымен, теміржол көліктерімен, жол көліктерімен жеткізілді. Бұл жұмысшыларды толық шығарып біту 5 мамырда толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Олардың ішінде 600-нан астамы Атырау қаласының тұрғындары.

Бүгінде Теңіз кенішінде қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. Ал 12 жұмысшы жазылып шықты.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *