Жаңалықтар

РҰҚСАТТЫ САЙТ БЕРЕДІ

Енді автокөліктердің карантин кезіндегі қозғалысы арнайы сайт арқылы жүзеге асырылады. Жаңа жүйені бас санитарлық дәрігердің қаулысымен жұмыс жасауға рұқсат етілген кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың басшылары қолдана алады. Ал жеке тұлғалар үшін ондай мүмкіндік әзірге қарастырылмаған. Жүйе мемлекеттік кіріс, статистика департаменттері, аумақтық органдар мен сергектегі деректер базасы арқылы құрастырылған. Ондағы мәліметтер арқылы рұқсат беру туралы шешім автоматты түрде беріледі. Сайтты құрастырушылардың айтуынша, портал адами факторларсыз, құжат рәсімдеу процесін жеңілдету мақсатында әзірленген. Айта кету керек, кәсіпкерлердің тіркелуіне бірер күн ғана қалды. Одан кейін деректер жаңартылады.

Ерлан ҒАЛИЕВ, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

-Осыған дейін жедел штабқа берілген барлық өтінім осы базаға енгізілмейді. Сондықтан, сіздерден бес күннің ішінде осы платформаға тіркеліп, жұмысшыларыңыз бен қызметтік автокөліктеріңіздің барлық дерегін жүргізуді сұраймыз. Бес күн өткен соң ескі деректер жойылады. Рұқсаттар жүйе бойынша берілетін болады.

Карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін жаңа қызмет түрлері қосылып, сайттың базасына енгізіледі.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *