Жаңалықтар

ТІЗІМ ЖАСАҚТАЛУДА

Коммуналдық төлем үшін берілетін 15 мың теңгені алатындардың тізімі жасақталуда. Төтенше жағдай кезінде мұндай жеңілдікке ілігетіндердің қатарында мүгедектігі барлар мен ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі балалары бар және көпбалалы отбасылар, ең төмен және аз зейнетақы алатын қариялар, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар мен жалғызбасты қарттар бар. Сондай-ақ, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау және адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына берілмек. Бұған жауапты Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамырдың ортасына дейін өтініштерді қабылдайды. Кейін төлем жеке абоненттік шотқа аударылып, жарық, көгілдір отын, ауыз су, қоқыс пен жылу жүйелері қызметімен қамтамасыз ететін мекемелерге тікелей түсіп отырады.

Мейіржан МҰҚАСОВ, Атырау қалалық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары

15 мың теңге басқа әлеуметтік төлемдер сияқты тұрғындардың емес, бірден коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің есепшотына аударылады. Коммуналдық қызмет төлемі туралы түбіртектегі сома 15 мыңнан кем болса, төлем келесі мерзімге шегеріледі. Ал, монополистік мекемелерге төленетін төлем 15 мыңнан асып кетсе, үстіндегісін тұрғындардың өздері төлейді.

Мемлекет аталған ақыны сәуір, мамыр айлары үшін төлейді. Барлық өтініш мамыр және маусым айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады.  Ал өтініш беру үшін атыраулықтар  25-44-62, 25-43-55, 25-45-87 нөмірлеріне қажетті ақпаратты ұсынуы тиіс. 15000@atyrau.gov.kz электронды поштасына жолдауға да болады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *