Жаңалықтар

ЖАЛАҚЫЛАРЫ САҚТАЛАДЫ

Теңіз кеніші аумағынан шығарылған жұмысшылардың орташа жалақысы сақталады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың Теңіз кенішіндегі ахуалға қатысты өткізген жедел селекторлық жиынында айтылды. Оған қатысқан «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер екі айдан бері компанияның жергілікті атқарушы органдармен, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабпен және санитарлық қызметпен тығыз байланыста екендігін атап өтті. Ал жалақы мәселесіне қатысты шешім жұмысшыларға да, компанияға да тиімді болатындай қабылданады,- деді ол.

Имер БОННЕР, «Теңішевройл» компаниясының бас директоры

  • Жалақы, компенсация стратегиясы наурыз айында бекітілген болатын. Біздің компаниямен жұмыс жасап жатқан серіктестерімізге жалақы бойынша компенсациянытөлеуді бастап кеттіу. Бүгін де ол жұмыстар өз жалғасын табуда. Ендігі кезекте Теңізден демовизацияланған жұмысшылардың бәріне орташа көлемдегі жалақы төленетін болады. Ал Теңіз орнында қалған жұмысшыларға ҚР заңнамасына сәйкес жалақылары 1,5 есе көлемінде көбейтіліп беріледі.

Айта кету керек, өткен аптада Атырау облысы әкімінің орынбасары Серік Шапкеновтың төрағалығымен Теңіз кен орнында арнайы комиссия өз жұмысын бастаған болатын. Бүгінге дейін Теңізден 12 мыңға жуық адам шығарылып, тұрғылықты мекен-жайларына жеткізіліпті. Жоспар бойынша келесі аптаның соңына дейін Теңіз аумағынан 17 мың адам шығарылады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *