Жаңалықтар

2019 ЖЫЛ — ЖАСТАР ЖЫЛЫ

Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауы тыңдалды. Мемлекет басшысы келер жылда ең төменгі жалақы мөлшерін бір жарым есеге көбейтуді тапсырды. Ал жалпы ішкі өнімнің он пайызы білім мен медицинаға жұмсалатын болады. «Бизнестің Жол картасы — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 миллиард теңге, ал өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы үш жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінбек. Сондай-ақ, Ұлттық банк басым бағыттағы өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін 600 миллиард теңге мөлшерінде қаржыландырады. Алдағы уақытта Президент үш ауысымды мектептер мәселесі түгелдей шешуді тапсырды. Сонымен бірге, «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң да қабылданбақ. Келер жылы мемлекеттік қызметтің 80, ал 2020 жылы 90 пайызы электронды форматқа ауысады. Ал 2019 жыл – «Жастар жылы» болып аталмақ.

Абзал ТАЛТЕНОВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры:

— Бүгінгі жолдаудың артықшылығы – білім мен ғылым саласына көп көңіл бөлінді. Елбасымыз жалпы ЖОО қажеттілігі туралы айтты. Оларды бітірген студенттердің білім сапасы туралы жақсы әңгімелер айтты. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *