Жаңалықтар

ШЕКТЕЛМЕГЕН МҮМКІНДІК

Өмір гүлі. Атырауда осындай атаумен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында байқау өтті. Оған қала және аудандардан келген 5 пен 20 жас арасындағы 40-қа жуық өнерпаз қатысып, ән айтып, би билеуден сайысқа түсті. Сондай-ақ олар, домбыра, гитара, баян секілді аспаптарда ойнап, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Қатысушылардың арасында республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысып жүрген «Янг старс» секілді топ да болды. Қалалық әкімшілік және Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылған байқау биыл тоғызыншы рет өткізіліп отыр. Шараның басы-қасында жүрген жандардың айтуынша, бұл – түрлі жағдайға ұшырап, қоғамнан ажырап қалған жандардың өмірге құштарлығын оятуға мүмкіндік береді.

Тыныш ЖАҚЫПОВА, «Өмір гүлі» қоғамдық бірлестігінің басшысы:

— Бойына тұңған таланттар болады ғой балдарда соны мына өздері көрсетсін деп… Ән айтатын бала болса ән айтсын деп, билейтін бала болса билесін деп. Енді бәрі бірде ән айтып билей бермиді. Сол үшін қол өнердің несін ашып отырмыз. Қол өнерден үйренсін, сурет салсын деп осындай балдармен жұмыс жасап келе жатырмыз.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *