Жаңалықтар

ЖӘРМЕҢКЕ — ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

Руслан Төленов – Қытайдағы жоғары оқу орындарын бизнес әкімшісі және ғылым саласындағы менеджер мамандығы бойынша бітірген. Алған білімін туған елдің кәдесіне жаратпақ болғанымен, әзірге жұмыс таба алмай жүрген жайы бар. Бірнеше компанияға түйіндемесін жібергенмен жауап жоқ. Бірақ, бүгінгі жәрмеңкеден күтері көп.

Руслан ТӨЛЕНОВ, жұмыссыз:

Атырауда не көп, шетелдік компания көп. Біз шетелде оқып келген мамандар еліміздің дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Өкінішке орай, 4 мекемеге ғана құжат тапсырдым. Себебі, бұл жерде көбі мұнай және мұнай өнім саласындағы мамандары іздеп жатыр екен. Сіздің резюмеңізді көріп, риза болып тұрмыз. Ішке барып құжатыңызды қарап, басшылықпен ақылдасамыз деді.

«Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған жәрмеңкеге екі мыңнан астам адам қатысты. Олардың 80 пайызға жуығы — жас маман. Ал, жұмыс берушілердің айтуынша, бұл жерде еңбек өтілі бар мамандардың жұмысқа тұру мүмкіндігі өте жоғары. Дегенмен, қажет болып жатса, жастарды да оқытып аламыз, — дейді.

 Раушан ӨТЕПҚАЛИЕВА, компания өкілі:

-Біз 80 вакансиямен келіп тұрмыз. Бізге 100 жуық үстінде резюме тапсырылды. Бұрын жәрмеңкеге қатысқан кезде, жиырмадан астам қатысушыны жұмысқа алған болатынбыз. Оқыған маман, стаж керек. Ал, жас маман болса, оқытамыз. Осы шарадан 60 адамды жұмысқа қабылдауға мүмкіндік бар.

Еске сала кетейік, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі осымен, төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның нәтижесі де жаман болмады: 260-қа жуық атыраулық тұрақты жұмыс тапқан.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *