Жаңалықтар

17 МЫҢ АДАМДЫ УАҚЫТША ЖІБЕРМЕК

Теңізшевройл компаниясы Теңіз кен орнындағы жобалардан 17 мың адамды уақытша босатпақ. Компания өкілдерінің сөзінше, мұндай шешім коронавирус инфекциясын одан әрі таратпау үшін қабылданып отыр. Жұмысшылар санының қысқаруы өндірістік қызметке еш әсер етпейді. Дегенмен құрылыс жұмыстары тоқтатылып, алдағы уақытта базалық өндіріс бөлімдеріндегі аса маңызды жобалар ғана жалғасын табады. Компанияның мәлімдеуінше, бұл шаралардың мұнай нарығындағы жағдайға еш қатысы жоқ. Яғни, өндіріс көлемі төмендемейді. Айта кетейік, 2020 жылдың жылдың бірінші тоқсанында Теңіз кен орнында сегіз млн тоннаға жуық мұнай өндірілді.

Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ,  «Теңізшевройл» ЖШС қоғаммен  байланыс жөніндегі  бас менеджері

  • Қайталап айтамын, қабылданып жатқан шаралар алдыңғы кезекте қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Оның өндірістік қызметке кері әсері болмайды. Біздегі мұнай өндірісі штаттық режимде жұмыс істейді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *