Жаңалықтар

БЕКІРЕ — 2020

Облыста «Бекіре – 2020» балық қорғау акциясы басталғалы, яғни, сәуірдің бірінен бері браконьерлерден 3 тонна балық тәркіленген, оның 60 келіден астамы – бекіре тұқымдастар. Іс-шараға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 30 қызметкері жұмылдырылған. Олар күн сайын су айдынын браконьерлік аулардан тазартуме айналысады. Ал ілінген су маржандарын келісім-шарт бойынша балық аулау кооперативтеріне тапсырады.

Жеделбек ХАЛИДУЛЛИН, «Інжу-Маржан» балық аулау кооперативінің қызметкері

-Балық бар, жаман емес. Үш-төрт сағат тартамыз, сонда 3-4 тонна балық тапсырамыз. В основном, қарагөз балықтары, табан, карась деген бар.

Акция аясында екі аптада 174 тәртіп бұзушылық анықталды. 80-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 600-ге жуық заңсыз аулау құралы тәркіленді.

Рүстем ҚОРҚЫТОВ, облыстық Орман шаруашлығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы

  • Біздің негізгі жұмысысыз балықтардың уылдырық шашуына жағдай жасау. Алайда су айдынын браконьерлік аулардан тазарту кезінде осындай заңбұзушылықтар анықталып жатады. Бұл акция мамырдың 31-не дейін жалғасады.

Балық қорғау акциясы «Ақжайық» табиғи резерватының аумағында да өткізіледі. Инспекциядағылардың сөзінше, тәртіп бұзғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда аз. Бұған карантиннің де әсері болуы мүмкін,- дейді олар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *