Жаңалықтар

ЕТ ҚЫМБАТ

Атырауда ет бағасы шарықтап тұр. Одан қалса, тапшылық та байқалады. Арнамызға хабарласқан тұрғындардың шағымы бұл. Айтуларынша, саудагерлер  үкімет бекіткен шекті бағаны да елемей отыр. Мәселен, 1850-ден сатылуы тиіс сиырдың сүйекті жауырыны мен төс бөлігінің тұрақты құны тек тексеріс кезінде қойылады,- дейді олар.

Дина ҚАЙЫРОВА, Атырау қаласының тұрғыны

-Жаңа өтіп шықтым мен 2000-2200 болды. Не масқара мынау. Халықты мындай кезде болмайды ғой олай. Міне 1800 деп шығарып қойды. Жаңа мен келгенде 1800 болған жоқ. Жарты сағат болды жүргеніме.

Сарайшық базарында әдетте 2000 теңгеден саудаланатын сиырдың сан еті қазір бақандай 600-700 теңгеге қымбаттаған. Ал, жауырын 2200, қабырға 2000 теңгеден саудалануда. Сатушылардың сөзінше, ет бағасын шарықтатып отырған — тауарды жеткізушілер. Ал өздері келген еттің құнына тек  50 теңге қосады-мыс.

Әлия АХМЕТОВА, сатушы

  • Қазір жолдардың бәрі жабық. Ешқандай Россиядан да басқа жақтан да ет келіп жатқан жоқ. Тек қана өзіміздің местный өніміміз.+Біз көп қоспаймыз. Бізге жалобты халық келіп береді. Біз түсініп тұрмыз. Бірақ ол енді мал базарынан қымбат келеді. Кеше мал болмай қалды. Завоз болмай жатыр. Бірақ бүгін келді.

Әкімдіктегілердің де айтқаны осы. Қазір өзге аймақтардан ет келіп жатқан жоқ. Облыс халқын тек аудандық кәсіпкерлер ғана қамтамасыз етіп отыр. Бірақ бағаның өскенін жоққа шығармады.

Руслан ДАВЛЕТОВ, Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы       // аударма.  0053

  • Соңғы екі-үш күнде ет тапшылығы болды. Бірақ қазір мәселе шешілді. Ет жеткілікті. Мойындау керек, етті жеткізіп берушілер бағаны шарықтатып жіберді. Біз бұл бойынша қазір айналысып жатырмыз. Олар анықталған бойда тиісті шара қолданылады.

Атырауға ет өнімінің 80 пайызы  Батыс Қазақстан облысынан әкелінеді. Ал қалған 20 пайызын Беларусь елі мен жергілікті шаруа қожалықтары тасымалдайды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *