Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ӘЖЕЛЕР САЙЫСЫ

«Өнегелі әже». Дәл осындай атаумен қалада алғаш рет облыстық әжелер байқауы өтті. Сайысқа қала мен аудандық іріктеу жарыстарынан сүрінбей өткен 8 үміткер қатысты. Байқау шарты бойынша ақ жаулықты аналар өздерін таныстыру, бесік жырын орындау, балалардың қазіргі кездегі сүйікті кейіпкерлерін қоса отырып ертегі айту, тамақ дайындау және қолөнер бұйымдарын жасап, өзара жарысты. Қатысушыларды бағалау кезінде олардың киген ұлттық киімі мен дауыс мәнері де ескерілді. Жалпы жүлде қоры бір жарым миллион теңгеге жуық сайыс облыстық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Оқи отырыңыз...

ВЕНЕСУЭЛА МҰНАЙЫ НАРЫҚҚА ОРАЛДЫ: АҚШ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯНЫ 500 МЛН ДОЛЛАРҒА САУДАЛАДЫ

ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРДІ

МАСШТАБНЫЙ СУББОТНИК В РАМКАХ ПРОГРАММЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» СОСТОЯЛСЯ В АКТАУ