Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы

Үміт

Бұл бағдарлама ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуы мен оңалтуына арналған. Хабар барысында білікті мамандар ата-аналарға нақты кеңестер беріп, баланың күнделікті өмірін жақсартуға көмектесетін әдістермен бөліседі. Тікелей эфир форматында көрермендер сұрақ қойып, өз мәселелеріне жауап ала алады. Бағдарламаның басты мақсаты – әр балаға үміт сыйлап, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.