Жаңалықтар

ҒАЛАМТОР АЛАЯҚТАРЫ АЗАЯР ЕМЕС (видео)

Атыраулықтар ғаламтордағы алаяқтарға жиі алданады.

Тек жыл басынан бері осындай қылмыс бойынша 100-ден астам оқиға тіркеліпті. Экранның ар жағында отырып, арам пиғылын жүзеге асырғандардың 24-іне қатысты қылмыстық іс қозғалып, 15 іс бойынша сот шешімі шыққан.

Ал қалғандарының ісі әлі де қаралып жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Абай Жұмабаев айтты. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ұйымдастырылған 4 күндік жедел шара барысында 15 заңбұзушылық анықталыпты.

Тәртіп сақшысы ғаламтор арқылы қаржыны көбейтуге шақыратындардың іс-әрекетіне сенбеуге шақырды. Өйткені, былтыр 1200-ден астам алаяқ құрықталған көрінеді. Және қылмыскерлер алаяқтық жасаудың түрлі жолын ойлап табуды әдетке айналдырған.

ДЖ, АЖ «КН»

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *