Жаңалықтар

КОРОНАВИРУС: ИЗОЛЯТОРДА КІМ БАР?

«Коронавирус жұқтыруы мүмкін» деген күдікке ілінген азаматтарды қабылдайтын изолятор Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінен ашылған болатын. Диспансер басшылығының айтуынша, мұнда қазір жұрт айтып жүргендей бес емес, бір адам ғана жатыр. 23 жастағы студентті тиісті мамандар әуежайдан күтіп алып, жедел-жәрдем көлігімен осында жеткізіпті.

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандарының сөзінше, 6-шы қаңтардан беріоблыс аумағына келіп жатқан шетел азаматтары медициналық бақылауға алынып, күнделікті тексерістен өткізілуде. Арнайы тізім де бар. Сол бойынша мамандар тиісті мониторинг жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Айтуларынша, Атырау өңіріне басқа елдерден келген азаматтар саны 2000-нан асады.

Облыста коронавирус жұқпасының алдын алу және тексеру шараларын жүргізу үшін 11 жұмысшы тобы құрылған. Оның төртеуі қалада, ал 7-уі аудандарда. Инфекциялық керуерттер мен вирусқа қарсы препараттар саны жеткілікті, — дейді мамандар. Сондай-ақ, қазақстандық компания басшыларының да қытайлық мамандармен жұмыс жасауды уақытша тоқтатқанын айта кетейік.

Жайдарлым Қайреден,Фархат Тәжібаев,КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *