Жаңалықтар

Көлік сатып аламын деп, басы дауға қалды (видео)

Атырау, Caspian News. Доссорлық Жанболат Төреғалиев жуықта жеке адамнан көлік сатып алып, енді басы дауға қалып отыр.

Оның сөзінше, арада айға жуық уақыт өткенде үйіне полицейлер келіп, лексусын айғақ зат ретінде тәркілейтіндіктерін айтқаннан басқа ештеңе түсіндірмепті. Бірақ, шетелдік машинаны жиған қаражатыма заңды түрде сатып алдым деген Жанболаттың оны бергісі жоқ.

Жанболат Төреғалиевтің жары Жанар Әміржанованың айтуынша, полиция қызметкерлері өздерімен бірге машинаның бұрынғы қожайынын ерте келген.

Полицейлер бұл отбасының үйінің алдына күзет қойғанға ұқсайды: тәртіп сақшылары тапжылмастан тұр. Не істеп тұрғандарын сұрағанымызбен, жауап ала алмадық. Доссордағы полиция бөлімшесінің басшыларымен де кездесу мүмкін болмады. Есіктері тарс жабық. Бұл жайтқа қатысты полиция департаментіндегілер түсінік бергендей болды. Бірақ, олар да қағазға жазылған екі ауыз сөзден өзге әріге аса алмады.

Көліктің қандай қылмысқа қатысы бар екендігі сол күйі белгісіз боп қалды. Бейресми ақпарат бойынша, автомобиль қожайындары қудаланып жатқан ломбардтардың біріне өткізілген. Енді оның кімде қалатынын тек сот шешпек. Процестің қанша уақытқа созылары да белгісіз. Ал, машинаның қызығын тек бір ай көрген Төреғалиевтар отбасының әзірге жаяу жүріп, тиісті табалдырықтарды тоздырғаннан басқа амалдары жоқ секілді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *