Жаңалықтар

ТЕҢІЗДЕГІ ЖҰМЫС ТОҚТАУЫ МҮМКІН БЕ?

ТШО компаниясының бас кеңсесіндегі қызметкерлер қашықтан жұмыс жасауға кірісті.

Ал 10 жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлерге еңбекақысы сақталатын демалыс беріледі. Жоспарланған іссапарлардың барлығына шектеу қойылды. Бірақ, Теңіз кенішіндегі жұмыс тоқтамайды. 40 мыңға жуық жұмысшысы бар кен орнындағы санитарлық жағдай талапқа сай, — дейді компания өкілдері.

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар да босатылмайды. Ал, кен орнына шетелдіктердің келуіне шектеу қойылып отыр, бірақ, вахтасын аяқтаған шетел азаматтарының еліне қайтуына еш кедергі жоқ, — дейді Рзабек Артығалиев.Оның айтуынша,«Теңіз» қалашығындағы барлық компаниялар аурудың алдын алу үшін қажетті іс-шараның бәрін жасап жатыр. Ауру жұқтырды деген күдікке шалдыққан науқастар үшін 300-ге жуық төсек-орын дайын тұр және 100 шақты медицина қызметкерін жұмылдыру мүмкіндігі қарастырылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *