Жаңалықтар

МИЛЛИОНДАҒАН ШАБАҚ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Атырау облысында соңғы 2 жылда 30 млннан астам қара балықтың шабағы құтқарылған.

Оның 19 млны 2018 жылғы көрсеткіш болса, қалған 17 млны өткен жылы аман алып қалған шабақ саны. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, жыл сайын құтқарылған шабақтар саны 2 млнға дейін кеміген. Оған көктемгі өр суы деңгейінің жыл сайын төмендеп бара жатқандығы себеп болып отыр, — дейді мамандар.

Биылғы өр суының деңгейі қандай болатыны белгісіз, бірақ қандай жағдай болса да балық шабақтарын құтқаруға дайынбыз, — дейді инспекция мамандары. Олар қажет болған жағдайда аталған жұмысқа қала тұрғындары мен еріктілерді де атсалысуға шақырып отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *