Жаңалықтар

Жергілікті азамат жапалақты құтқарып қалды

Жергілікті азамат өзінің тіршілік ету ортасынан ажырап қалған жапалақты құтқарып қалды.

Тіршілігіне түнде кірісетін жыртқыш құсты мамандарға Көкарна ауылының тұрғыны әкеп тапсырыпты. Айтуынша, жапалақты ауласынан тауып алған. Құс қазір облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында.

Орнитологтар оның денсаулығында еш кінәрат жоқтығын, салмағының үш жарым келі, ал жасының бесте екендігін анықтапты. Атырау аймағында сирек кездесетін ол енді ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жіберіледі,- дейді инспекциядағылар.

Инспекциядағылардың сөзінше, «Ақжайық» табиғи мемлекеттік резерватының аумағында 300-ге жуық құстың түрі тіркелген.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *