Жаңалықтар

Облыс аумағындағы бірқатар іс-шараға тыйым салынды

Еліміз төтенше жағдайдағы тәртіпке көшкендіктен облыс аумағындағы бірқатар іс-шараға тыйым салынады.

Бұл жөнінде өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов өткізген өңірлік жедел штаб отырысында айтылды. Енді мейрамхана, фитнес-клуб және әртүрлі ойын сауық орталығы мен өзге де орындардың тәртіпке сай жұмыс істеуі мұқият қадағаланады. Мәдени көпшілік іс-шаралар мен отбасылық той-жиындарды кейінге шегеру және оны бақылау жұмыстары да жүрзіледі. «Бұл — карантин емес, тек қауіптің алдын-алу бағытында қабылданған нақты шара. Соған сәйкес, тұрғындар сақтықты күшейтіп, заңға бағынып, түсіністік танытулары керек» дейді аймақ әкімі.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *