Жаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ МАСКА: БІР АДАМҒА ОН ДАНАДАН

Қаладағы дәріханалардың кейбірінде медициналық масканы сату кезінде шектеулер қойып отыр.

Яғни, бір қолға 10 данадан артық сатылмайды. Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл — тиісті министрліктен келген тапсырма. Мақсат — масканы тұрғындардың барлығына жеткілікті қылу. Олар қазір дәріханаларға күнделікті мониторинг жүргізіп, мұның орындалуын бақылап отырған көрінеді. Бірақ бағасын реттеуге араласа алмайды.

Айта кетейік, өткен жұмада қалаға 21 000 дана маска жеткізіліп, дәріханалар желісіне таратылған болатын. Оның аздық етуіне байланысты қазіргі кезде жергілікті «Медфармимпорт» мекемесі шымкенттік компаниялардың бірімен 50 000 дана көп реттік қолданатын масканы алу үшін келісім-шарт жасасуда. Олар қалаға осы аптаның соңында жеткізілмек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *