Жаңалықтар

КӨШЕЛЕРДЕ — QR КОД

 

Атырау көшелеріне КУАРКОД қойылып жатыр! Енді қалалықтар қажет көшені сабылып іздемей-ақ, кәдімгі смартфонға QR кодты фотога түсіріп, таба алады. Жеті таңбаның біріншісі облысты, келесі екеуі қала мен ауданды, ал қалған төртеуі ғимаратты көрсетеді. Бұл – пошта қызметкерлері мен қалалықтарға қолайлы болу үшін жасалып отыр. Өйткені, көп жағдайда көше аттарының жиі ауысуы немесе оларға уақытша атаулардың берілуі себепті іздеген мекен-жай табыла бермейді. Пилоттық бұл жоба қазір Атыраудан өзге Астана және Петропавл қалаларында жүзеге асырылуда.

Ержан ӨТЕЕВ, «Қазпошта» АОФ пошталық логистика және өндіріс бөлімінің бас маманы:

— Әрбір көшелер байланыс көшесіне байланысты индекстеп берілетін болды. Мәселен, Авангард мөлтек ауданы бұрын 9-шы пошта индексімен белгіленетін болды. Қазір жаңа индекске байланысты әр көшенің әр атауына, әр үйдің құрылысына байланысты жаңа индексация беріледі. Бұл дегеніміз тұтынушыларға хаттардың, болмаса сәлемдемелердің уақтылы жеткізілуіне зор пайдасын тигізеді.

Жаңа индексация жыл соңына дейін қаладағы 90-ға жуық көшеге қойылмақ. Ал, қазір республика бойынша 43 мыңнан астам нысанға куаркод берілген көірнеді.

 

 

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

«ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫН БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН КЕЛІСПЕСЕ, СОТҚА ЖҮГІНЕ АЛАДЫ»

Тасқын судан зардап шеккен құлсарылықтар жергілікті атқарушы орган тарапынан бағалау жүргізетін мекеменің қорытындысымен келіспеген жағдайда, ...