Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚҰЛСАРЫНЫҢ 800-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНЫ БІРЖОЛҒЫ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК АЛДЫ

 

5-сәуірде болған су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтардың алды 100 айлық есептік көрсеткіш – 369 200 теңге мөлшеріндегі біржолғы материалдық көмекті ала бастады.

Шаттық ҚҰСАЙЫНОВА, Құлсары қаласының тұрғыны

 — Төлемақы түсті бүгін, 369100 теңге счетымызға түсті бүгін. Жақында тапсырып едік, сонымен бүгін түсті, төлемақымызды алдық. Қазір енді үйіміз құлап далада жүргеніміз болмаса, квартираның да бағасы өсіп нестеп, енді үйімізді тездетіп жөндетіп, мына құлаған үйіміздің дұрыстап өтесе, оценкаларын шығарып тездетсе екен дейміз. Қазір көшеміздің бәрін сорып жатыр вакууммен жеделдетіп оғанда рахмет әйтеуір. Бәрі жақсы болып, бұрынғы қалпымызға келсек екен деп ойлаймыз.

 Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанар Қазиеваның сөзінше осы уақытқа дейін 29 67 адамнан өтініш қабылданып, 768 тұрғынның есепшотына мемлекет тарапынан бір рет берілетін қаражат аударылған. Сондай-ақ су тасқынынан келген шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрылып, жұмыс істей бастады. Оның құрамында тұрғындар да бар. Бағалау жұмысы зардап шеккен халықтың өтініші негізінде басталады дейді жергілікті атқарушы орган өкілі.

 Нұрболат САРМАНОВ, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары

 — Ең бірінші арыз тапсыратын болады, арызбен қоса кеткен мүліктің құжаттары тапсыралатын болады. Бүлінген мүліктері, мал жандары сол арызда көрсетілетін болады. Сол бойынша біздер тиісті шешім қабылдаймыз. Қазіргі таңда сол жұмыстарға 12 маман бөлініп жатыр. 12 учаске бойынша комиссия құрамына сол ауылдың азаматтары, депутаттары тартылды, наразылық болмас үшін.

 5 сәуір күні Мұғалжар тауынан бастау алатын Жем өзені арнасынан тасып, Құлсары қаласын су басты. Аудан орталығындағы 3000-ға жуық үй-жай, әкімшілік нысан суда қалып, 30 мыңнан астам адам, 20 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілген еді. Тасқын кезінде 4 адам қайтыс болды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *