Басты ақпаратЖаңалықтар

ИРЕКЛІ СУ ҚОЙМАСЫНАН ЖІБЕРІЛЕТІН СУ КӨЛЕМІ СӘЛ ДЕ БОЛСА АЗАЙДЫ

Иреклі су қоймасынан жіберіліп жатқан судың жылдамдығы секундына 1589 текше метрге дейін азайды.

Қазіргі таңда қоймада 3242 млн текше метр су жиналған. Бұл туралы су қоймасының ресми сайтында жарияланды. Дегенмен Орынбор облысында жағдай қиын. Бұл жақта Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 73 см-ге көтеріліп, 745 см-ге дейін жеткен.

Кей елдімекендер жарықтан ажыратылды. Orendai.ru сайтының жазуынша, Орынбор облысында 554 үй мен 2274 учаске суда қалған. Одан бөлек, 94 жол бөлігі мен 42 көпірді су шайып кетті.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *