Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАЙЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ 20-25 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ҚАТТЫ КӨТЕРІЛУІ МҮМКІН ДЕГЕН БОЛЖАМ БАР

Атырау облысының басшылары  Жайық өзенінің деңгейі 20-25 сәуір аралығында қатты көтерілуі мүмкін екенін айтты.

Жайық өзені ағысының жылдамдығы көктемгі тасқын кезінде және былайғы уақытта екі түрлі болады. Көктемгі тасқын кезінде өзен ағысының  жылдамдығы сағатына 10 шақырымға жетсе, басқа кезде сағатына 4-5 шақырым ғана.

«Иреклі» су қоймасынан Атырау қаласына дейін шамамен 1700 шақырым. Қолда бар мәліметті сараптай отырып, өзен деңгейі 20-25 сәуір аралығында біршама көтеріледі деп болжап отырмыз», — дейді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Біз дайындық жұмысын бірнеше күн бұрын бастадық. Жайық өзені Индер, Махамбет ауданы мен Атырау қаласының аумағынан өтеді. Қазір өзеннің аудандар мен қала аумағындағы жағасын нығайту жұмысын жасап жатырмыз. Атырау қаласында 100-ден астам арнайы техника пайдаланылуда. 20 учаске белгіленді. Бұл бұрын-сонды дамбы болмаған немесе соңғы 30 жыл ішінде жөнделмеген учаскелер. Қазір жағаның орташа биіктігі – 3 метр. Біз тағы 3 метрге көтермекпіз. Жағалаудың биіктігін 6 метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Аймақ басшысының орынбасарына сенсек, «Бесікті» ауылынан бастап «Дамбы» ауылдық округіне дейінгі жағалауды бекіту жұмысын алдағы 3 күннің ішінде толықтай аяқтау керек. Бұл жұмыс компания басшыларына тапсырылған. Содан кейін жағалаудың әр шақырымы бақылауда болады. 10-сәуірден бастап өзен жағалауында тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылмақ. Жасұлан Бисембиевтен төтенше жағдай кезінде пайдаланылады деген 2,5 миллиард теңге туралы да сұрадық. Ол тосыннан келген жағдайға жұмсалған қаржының есебі беріледі деді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *