Жылыойда ТШО компаниясының Әйелдер қауымдастығының және “Теңіз жүрегі” тобының ұйымдастыруымен “Періштелер ағашы” атты қайырымдылық шарасы өтті. Құлсарыдағы №21 мектепте болған сан алуан қызыққа толы жаңа жылдық шыршаға 50-ден аса бүлдіршін қатысты. Алдымен шараны ұйымдастырған жомарт жандар балаларға әдемі тілектерін арнап, мерекемен құттықтады.
