Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖҰМЫС ОРНЫНДА ҚАЙТЫС БОЛДЫ

«Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында» жұмысшы қаза тапты. Кәсіпорын жұмысшысының өліміне себеп болған апат жылу электр станциясының аумағындағы қазандық-турбиналық цехтан шыққан. Зардап шеккен 38 жастағы ер адам жабдықтарды жөндейтін шебер болып жұмыс істеген екен. Марқұм цехта жансыз жатқан жерінен табылған. Оқиға орнына жылу электр станциясының фельдшері барып, оның жүрегінің соқпай тұрғанын анықтапты. Оқиға орнына жеткен қалалық жедел жәрдем бригадасы жұмысшының қайтыс болғанын растаған. Енді өндірістік аймақта болған қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті.

Толығырақ бейнематериалда

Оқи отырыңыз...

ГЕНЕРАЛЬНАЯ АССАМБЛЕЯ УНИВЕРСИТЕТОВ И НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИХ ЦЕНТРОВ ПРИКАСПИЙСКИХ СТРАН СОСТОЯЛАСЬ В АТЫРАУ

АЛЛЕЯ СЛАВЫ НЕФТЯНИКОВ ПОЯВИЛАСЬ В АТЫРАУ

ӨЛМЕСТІҢ КҮЙІН КЕШУДЕ…