Жаңалықтар

ЖЕКЕ КӨЛІККЕ ЖОЛ ЖАБЫҚ

Облыс орталығындағы ірі компаниялар қызметкерлерін тасымалдауды өздері ұйымдастыру қажет. Яғни, жұмысшылардың өз көлігін пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов айтты. Оның сөзінше, тұрғындардың осы тақырып төңірегінде қойған сұрақтары тым көп.

Серік ШАПКЕНОВ, Атырау облысы әкмінің бірінші орынбасары

Үлкен кәсіпорындар. Өздерінің қызметкерлерін автобуспен жеткізе алатын кәіпорындар, қызметкерлерін солай тасу керек. Оны біз қадағалайтын боламыз.  Ал, сонымен қатар, біз тағамдарды тұрғындарға жеткізуді ұйымдастырған болатынбыз. Өздеріңіз түсініңіздер олар әрбір үйге автобуспен тағам апармайды ғой. Осындай жағдайда жеке көлігін пайдаланатын болса, ол мекеменің қызметкері болған жағдайда ған рұқсат беріледі. Ал басқа көлікті пайдалану жөнінде оларға рұқсат етілмейді.

Қорытындылай келе, өңір басшысының орынбасары тұрғындарды карантин ережесіне бағынуға шақырды. Тек осындай жағдайда ғана вирустың таралуын тежеуге болады. Айта кеткен жөн,  төтенше жағдай ережесін бұзғандарға заңмен айыппұл салынады немесе 15 күнге дейін қамау жазасы белгіленген. Сонымен қатар, тәртіпке бағынбағандардың көлігі айыппұл тұрағына жіберіледі.  

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *