Жаңалықтар

ЕМТИХАН ТАПСЫРЫЛМАЙДЫ

5-тен 8-ге дейінгі және 10 сынып оқушылары сыныптан сыныпқа көшу емтиханын тапсырмайды. Сонымен қатар, жыл соңында қорытынды атестаттау сынағынан өтетін 9 және 11 сыныптағылар үшін ол да өткізілмейтін болды. Оқушылардың аттестаттарына жылдық баға енгізіледі. Бұл туралы Атырау қаласының бас ұстазы Фаруза Шангереева айтты. Оның сөзінше, төтенше жағдайға байланысты білім саласына уақытша енгізілген өзгерістер тек бұл емес. 

Фаруза ШАНГЕРЕЕВА, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы

Жиынтық бағалау Сор деген бір рет өткізіледі. Барлық білім ордаларында Мамырдың 4-8-і аралығында өткізіледі. Тоқсандық жиындық бағалау, яғни СОЧ дегеніміз 18-22 мамыр күндері өткізіледі. Жұмыс өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.

Интернетсіз оқып жүр талай ауыл баласы. Оқушылардың төртінші тоқсанды қашықтан оқығандарына да, міне, он күн болды. Бастапқыда тікелей эфир арқылы білім беру әдісі кім-кімнің де зығырданына тигені белгілі. Дегенмен қазіргі жүйе тиімдірек,- дейді спикерлер. Бүгінде оқушылар «күнделік.кз», пен «Білім ленд» платформалары арқылы сабақ оқуда.  Ал,  ғаламторға қолы жетпегендер «Қазпошта» АҚ арқылы ақпарат алмаса алады.

Орынтай БИМАНОВА,  Атырау облыстық әдістемелік орталығы директорының м.а

  • «Қазпошта АҚ» арқылы балаларға бір аптаның ішіне арналған тапсырмалар жинақталады. Мұны колледжде кураторлар жинақтайды барлық пәндер бойынша, Ал, мектептерде сынып жетекшілері жинақтайды. Сосын, бір аптаның ішінде осы тапсырмалар балаларға беріледі. Бір аптаның ішінде бала кері байланыс орналастырады. Яғни, бала өзінің тапсырмаларын бәрін жинақтап қайта салады. Сөйтіп сынып жетекшісі балалардан келген тапсырмалардың бәрін әр пән мұғаліміне таратады.

Дәл қазір қаладағы оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр,- дейді бас ұстаз. Осы күнге дейін кері байланыс жасамаған оқушы анықталмапты. Ал қандай да бір сұрақ туындаған кезде облыстық білім беру басқармасының 27-09-40 call орталығына  немесе қалалық білім бөлімінің 35-57-23 нөміріне қоңырау шалуға болатыны ескертілді. Айта кетейік, жақын күндері ҰБТ форматына енгізілетін өзгерістер де белгілі болады,- дейді спикерлер. 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *