Жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТҚА – ЖАЗА

Карантин режимі мен коронавирус инфекциясына қатысты жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап береді. Бұл бас санитарлық дәрігердің 14 сәуірде қол қойған №31 қаулысында көрсетілген. Ал полиция департаменті оны қатаң қадағалауы тиіс. Егер мұндай деректер анықталып жатса, кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Жасұлан БИСЕМБИЕВ, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

Соңғы кездері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде дәлелденбеген, жалған ақапарт көп тарап кетті. Мұны азаматтар бір жерден естіп, оның рас өтірігін анықтау үшін түрлі чаттарға таратады. Біз атыраулықтардан нақтыланбаған ақпаратты тартпауын сұраймыз. Әкімдіктердің ресми парақшалары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге сеніңіздер. Біз вирус жұқтырған науқастардың аты-жөні, мекен жайын айта алмаймыз. Өйткені, оған заңмен рұқсат жоқ. Ал оны жариялағандар жауапкершілікке тартылып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *