Жаңалықтар

5 ГЕКТАР ҚАМЫС ӨРТЕНДІ

Қаланы басқан көк түтіннің себебі – қамыстың өртенуі. Элеваторный аумағында орын алған қызыл жалын туралы хабарлама құтқарушыларға 14 сәуір күні түнгі 11 сағатта келіп түскен. Олар 700 шаршы метр болатын аумақты таңғы 06:45-те жойып, қалған бөлігін дер кезінде ауыздықтауға батпақ кедергі келтіріпті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, 15 сәуір күні 5 гектарға дейін шарпыған тілсіз жауды өшіру үшін өрт сөндіру техникаларынан бөлек қосымша су ағызу құрылғысы бар арнайы тікұшақ та көтерілді, — дейді.

Сағынбек ӨМІРЗАҚОВ, Атырау облысы ТЖД басшысы

  • Өрт сөндіруге қиындық туғызып отқан қатты ұйытқыл жел, 23 секундына және қатты батпақтық жер. Сол себепті қазір өрт бақылауда. Өрт орнында 3 өрт сөндіру техникасы мен 18 жеке құрам жұмыс атқаруда.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде тілсіз жаудың неден тұтанғандығы анықталуда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *