Жаңалықтар

БАЛАБАҚШАҒА БАРАТЫНДАР АЗАЙДЫ

Сақтық шараларына байланысты облыста балабақшаға баратын бүлдіршіндердің саны күрт азайған.

Қазіргі кезде 204 балабақшадағы 28 мыңнан астам баланың тек 13 мыңға жуығы бөбекжайға тұрақты барып жүр. Бұл туралы облыстық білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Ұстаздар ата-аналардан балаларын қосымша білім беру орталықтарына, үйірмелерге апаруды тоқтата тұруды сұрап отыр. Өйткені, мұндай оқу орталықтары жекенің меншігінде болғандықтан, оларға мемлекет тарапынан тиым салынбайды.

Баспасөз брифингінде қашықтан жұмыс жасап жатқандардың толық жалақыларын алатындықтары да айтылды. Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының айтуынша, толық емес режимде қызмет еткендердің тек сағаты есептелінеді. Ал егер, жұмыстан уақытша босатылса, компания ең төменгі жалақыны яғни, 42 500 теңге төлеуі тиіс.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *