Жаңалықтар

ЕРІКТІЛЕР МАСКА ТІГУГЕ КІРІСТІ

Атыраулық дизайнер Асыл Дүзбаева медициналық маскаларды тігу бойынша челленджді бастады. Ол осылайша аурудың алдын алуға аз да болса үлесімді қоссам дейді. Айтуынша, өз қолынан шыққан мынадай маскалар тегін таратылады. Бірақ, кез-келген тұрғынға емес, көмекті қажет ететін, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына.

Масканы бірнеше рет пайдалануға болады, — дейді дизайнер. Әзірге күніне 100 данасын тігіп таратуды жоспарлап отыр. Және өзінде бос тұрған қос бірдей тігін машинасының бар екендігін айтып қалды. Яғни, ине-жіп ұстай алам десеңіз, жақсы іске сіздің де ат салысуыңызға әбден болады.

Асыл Дүзбаева өзіне тапсырыс берушілердің де көп екендігін айтып қалды. Бірақ, ол қиын жағдайды пайдаланып, табыс тапқаннан көрі, көпке көмектескенді жөн санап отыр. Және осы челленджді елдегі ахуал қалыпқа түскенше жалғастыра беремін, — дейді. Тіпті қажет болса үйден де жұмыс жасауға дайын.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *