Жаңалықтар

АЛЛА ҮЙІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Облыстағы мешіттер де сақтық шараларын одан әрі күшейтуге кірісті.

Бұған дейін парызын Алла үйінде өтеуді жөн көретін жамағатқа дәретін үйден алып келіп, намаздан кейін кідірмеу, бір-бірімен қол алыспау талап етілсе, енді жұма күнгі намазда оқылатын уағыздар, құран бағыштау, тәспих санау секілді амалдар алынып тасталды. Сондай-ақ, өмірден өткен мұсылманды ақтық сапарға жөнелтуден өзге, діни ұстанымға қатысты жиындар тек қана облыстың бас имамының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл талап облыс аумағындағы 31 мешітке таратылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *