Жаңалықтар

АУЫЗ СУ МЕН ЖОЛ КЕРЕК

 Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылының тұрғындары жергілікті билік өкілдеріне өкпелі. Өйткені, қалаға тиіп тұрса да мұндағы мың жарымға жуық тұрғын әлі күнге дейін жол мен ауыз судың азабын тартып келеді. Ауылішіне асфальт төсеу жұмыстары былтыр басталғанымен, ол да аяқталмай қалыпты.

Сондай-ақ, 2015 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша салынып, пайдалануға берілген су тазалау қондырғысы да істен шыққалы біраз болыпты. Сондықтан, тұрғындар іргедегі Жайықтың суын тазартылмаған күйі ішуге мәжбүрміз дейді.

Талдыкөлдіктерге сенсек, қордаланған жайттың бәрін қағазға тізіп, әкімдікке сан мәрте барғанымен, олардан қайран жоқ. Өйткені, Бейбарыс, Талдыкөл және Аққайың ауылдары бір әкімдікке қарайтындықтан, шешімін тапқан мәселе жоқтың қасы, дейді олар.

Бірақ, әкімдіктегілердің жауабы дайын. Жұмыс жасалып жатыр. Бірақ, қағаз жүзінде. Тек ауыл тұрғындары сәл-пәл шыдамдылық танытса, барлығы да шешілгелі тұр екен.

Марат АРЫСТАНҒАЛИЕВ, Бейбарыс ауылдық округінің әкімі:

 — Ауылішілік жолы 3-4 км жол салуға жоспарланған. 2016 жылы тапсырыс беріліп, қазір сараптамадан өтіп жатыр. Ауыз су мәселесі, Талдыкөл ауылының қондырғысында ақау пайда болды, сол ақауды жөндеу мақсатында аудандық әкімшіліктен қаржы бөлініп, қараша-желтоқсан айларында таза су беруге уәде беріп отырмыз. Тұрғындардың сұрап отырған мәселесінің барлығы, бұл аудан әкімшілігінің назарында, бұлар барлық құжат бойынша шешімін тауып қойған. Бірақ кезең-кезеңімен уақытында жасалынатын жұмыстар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

«ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕН ТҰРҒЫН БАҒАЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН КЕЛІСПЕСЕ, СОТҚА ЖҮГІНЕ АЛАДЫ»

Тасқын судан зардап шеккен құлсарылықтар жергілікті атқарушы орган тарапынан бағалау жүргізетін мекеменің қорытындысымен келіспеген жағдайда, ...