Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ ШАХМАТШЫ ЗАРИНА НҰРҒАЛИЕВА — ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Атыраулық шахматшы Зарина Нұрғалиева — үш дүркін әлем чемпионы. Грузия елінің Батуми қаласында 14 жасқа дейінгі қыздар арасында шахматтан өткен әлем чемпионатынан жерлесіміз бас жүлдемен оралды. Әлемдік додадан жеңіспен қайтқан шахматшыны әуезжайдан тума-туыстары және жаттықтырушысы қарсы алды. 35 елдің шахматшылары қатысқан сайыс 5 күн бойы өтті. Қазақстан құрама командасының мүшесі Зарина Нұрғалиева осы әлемдік біріншілікке қатысуға мүмкіндік беретін жолдаманы наурыз айында Алматыда болған Қазақстан чемпионатында жеңіп алған еді.
Толығырақ https://fb.watch/laQaOe-DJg/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *