Жаңалықтар

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 19-ҒА ЖЕТТІ

Атырау қаласында коронавирус жұқтырған 19-шы адам тіркелді

Қауіпті инфекцияны жұқтырған 35 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, науқас Қызылқоға ауданының тұрғынымен қарым-қатынаста болған көрінеді. Бұған дейін коронавирус инфекциясы анықталған 28 жастағы келіншектің облыстық ауруханада 2 адамға инфекция жұқтырғандығы анықталған болатын. Ал бүгін оның үшінші адамға да жұқтырғандығы мәлім болды.

Қазіргі уақытта науқас оқшауланып карантинге жатқызылды. Айта кетейік, бұл Атырау облысында Covid-19 инфекциясы анықталған 19-шы жағдай.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *