Жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕГІ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ДӘЛІЗДЕРІ

Ақтөбеде әлеуметтік нысандар алдында дезинфекциялық дәліздер орнатылады. Жергілікті кәсіпкерлердің бірі ұсынған құрылғының алғашқы үлгісі шаhардағы супермаркеттердің бірінің алдында қойылды. Енді сауда орнына келген тұтынушы осы тоннель арқылы түгел залаласыздандырылып барып кіруі тиіс.

Асхат ШАХАРОВ, Ақтөбе қаласының әкімі

— 01:02 Облыс әкімі өзі қарап, бірнеше кемшілікті бізге жеткізді. Соны жойып, біздің кәсіпкерлер қайта осының бәрін ескере отырып, іске қосатын болып жатыр. 10 шақты осындай тоннель қалада орнатылатын болады.

Хайдар Ілиясов бұл жобаны түрік мамандарының тәжірибесіне сүйене отырып, қолда бар материалдармен жүзеге асырған. Енді кезекте өңір басшысының тапсырмасымен мұндай дәліздер қаладағы барлық ірілі-ұсақ сауда орнының кіреберісіне қойылмақ.

Хайдар ІЛИЯСОВ, кәсіпкер

— Ең басты назарды халық көп шоғырланатын жерге аударамыз. Сол себепті мұндай құрылғыларды көптеп салуға жұмыстанамыз. Жергілікті әкімдіктен тізімді алған бойда іске шындап кірісеміз.

Алдағы уақытта осындай тоннельдер облыс орталығындағы жеті әлеуметтік нысанның алдында пайда болады. Дезинфекциялау дәліздеріне, тіпті, өзге аймақтардан да тапсырыстар келіп түсуде,- дейді кәсіпкер.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *