Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТЫҢ ЖАЗАСЫ

Атырауда тірі туған сәбиді дүниеге өлі келді деп жалған құжат жасаған облыстық патологоанатомиялық бюроның экс-директорын сот кінәлі деп таныды. Жалған мәлімет таратқан Исатай Молдағалиевке 1млн 300 мың теңгеге жуық айыппұл салынып, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

Еске салайық, бұл қылмысқа тікелей қатысты сорақы жағдай облыстық перинаталдық орталықта болған еді. Перзентхананың бас дәрігері құрсақтан шыққан бойда тіршілік белгісін көрсетпеген нәрестені тоңазытқышқа салуды тапсырған. Алайда шақалақ аяғын қимылдатып, хабар берсе де, ақ халаттылар құжатты «бала өлі туды» деп толтырып жібергендіктен, сәбиді аман алып қалуға әрекет етпеген.

Көп ұзамай бұл қылмыстардың беті ашылып, перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қуаныш қамауға алынды.

Мейрамгүл ӨТЕҒҰЛОВА, Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің маманы

Сот үкімімен ҚР Қылмыстық Кодексінің 361 бабының 1 бөлігімен, 369 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, қылмыстық кодекстің 58 бабы 2 бөлігін қолдану арқылы түпкілікті өмір бойы медициналық мекемеде басшылық қызметпен айналысу құқығынан айырып, 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1 млн, 262 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *