Атырауда Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен бір адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Мұндай ақпаратты санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Ысқақова Amanat партиясында өткен жиында айтты. Оның сөзінше, науқас өзбек елінің азаматы. Күні кеше карантин енгізілген «Асыл агро» базарында малшы болып жұмыс жасаған.
