Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

INVICTUS ФИТНЕС ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН DAULET NAN МЕКЕМЕСІНЕ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Invictus фитнес-орталығының жанынан құрылған Sulo Kids жазғы фитнес-лагері балаларға арнап «Дәулет нан» зауытына экскурсия ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар кішкентай қонақтарға күн сайын жейтін ыстық нанның, дәмді тоқаштардың қалай пісірелітінін, кімдер дайындайтынын көрсетті. Қарапайым еңбек адамдарының қызметімен танысуға мүмкіндік жасады. Лагерь қатысушыларын зауыт қызметкерлері жылы шыраймен қарсы алып, нан өндірісінің барлық кезеңімен таныстырды. Балалар арнайы машиналарда қамырдың қалай иленетінін, дайын өнімнің қапталу процесін көзімен көрді. Түрлі формадағы сан алуан тәттінің әзірлену процесіне куә болған кішкентайлардың әңгімесі де әсерлі.

Толығырақ бейнематериалда

Оқи отырыңыз...

ГАЗ ҚҰЮ СТАНСАСЫ ЖАРЫЛДЫ

Какой религии придерживаются граждане Казахстана

КОРОНАВИРУС: ҚОЛДЫ ЖУУ ТӘРТІБІ