Жаңалықтар

#cntv Казиноны кәсіп қылған

Атырауда заңсыз ойын бизнесімен айналысқан астыртын казино анықталды.

Қаладағы Авангард мөлтек ауданындағы ойынхананы тексеру кезінде лототрон жиынтығы, жүйелік блогтар, теледидар мен монитор, электронды ойын үстелі, термопринтер, сонымен қатар, қомақты ақша тәркіленіпті. Қазіргі уақытта пысықай кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Айта кетейік, өткен жылы өңірде ойын автоматтарының жұмысын жолға қойған 11 адамға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жіберілген. Ал ағымдағы жыл басталғалы екі дерек анықталыпты. Мамандардың айтуынша, тәркіленген мүліктің барлығы сот шешіміне сәйкес, мемлекет меншігіне өтеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *