Жаңалықтар

КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

Қаладағы тағы тоғыз көшеге жарықшамдар тартылды. Бұл туралы «Caspian News» телеарнасы хабарлайды.

Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылған. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің ақпаратына сәйкес, жарықшамдар орнатылған жаңа бағаналардың жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, жаңа көше шамдары Әуезов, Говоров, Элеваторный көшелеріне, Перетаска өзегінің көпірінен, Құрсай елдімекені арқылы Дамбы тас жолына дейін. Сонымен қатар, Датов, Смағұлов, Сатыбалдиев, Уәлиханов, Мырзағали Хазірет, Байтұрсынов, Жангелдин, Балғымбаев және Құрманғазы көшелері де бар.

Бұдан бөлек, 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Атырау қаласы аумағы мен оған жақын елдімекендердегі 189 көшенің жарықшамдары жаңартылмақ. Қазіргі таңда, бұл жобаның жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жіберіліпті.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *