Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

БЕЙНЕУДЕ ГАЗ ЖАРЫЛЫП, БЕС БӨЛМЕЛІ ҮЙДІҢ КҮЛ-ТАЛҚАНЫ ШЫҚТЫ

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында тұрғын үйдегі газ балоны жарылып, бір адам көз жұмды. Оқиға жұрт шырт ұйқыда жатқанда, түнгі сағат үш шамасында болған. Құтқарушылар күл талқаны шыққан бес бөлмелі үй үйіндісінің астынан 42 жастағы келіншектің денесін тапты. Жедел-жәрдем қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсеткенімен, аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір апаттың себебі анықталуда. Алдын-ала болжам бойынша үйдегі қолдан жасалған жылу қазандығынан газ тараған болуы мүмкін. Құтқарушылар осыған дейін үй иесіне жабдықты алып тастау туралы ескерту берген екен.

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІ ЖЕТЕКШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ДАҢҚТЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ

BRENT МҰНАЙЫНЫҢ БАҒАСЫ 96 ДОЛЛАРДАН АСТЫ

ЦВЕТОЧНЫЙ РАЙ