Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚАЗАҚ БИЛІГІНІҢ «ҚАШАҒАН» ОПЕРАТОРЛАРЫНАН ӨНДІРГІСІ КЕЛЕТІН ӨТЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ ТАҒЫ 10 МЛРД. ДОЛЛАРҒА ҰЛҒАЙДЫ МА?

Қазақстанның Қашағанды игеруші компаниялардан өндіргісі келетін өтемақы көлемі 160 млрд доллардан асты. Бұрын бұл сома 150 миллиард доллар шамасында болатын. Бұған үкіметтің кен орнына қатысты жасалған кей келісімнен жемқорлық белгісін байқауы себеп болып отыр, деп жазады Bloomberg. Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан үкіметі Қашаған операторы NCOC консорциумынан «тендер тәртібін бұзғаны» және «келісімшарттағы міндетті толық орындамағаны үшін» халықаралық сот арқылы өтемақы өндіруге тырысып, биыл көктемде Қазақстан сол өтемақы көлемін 150 млрд долларға дейін арттырған. Енді тағы 10 млрд долларға ұлғайтып отыр. Қазақстандық бітімгерлер консорциумға мүше компаниялардың өтінішіне құлақ аспай, талапты бірнеше бөлікке бөлуден бас тартты. Бұл ретте екі тарап та Bloomberg-ке ресми түсініктеме бермеген.

Толығырақ 

Оқи отырыңыз...

KPI INC. И ОБЛАСТНОЙ МУЗЕЙ ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ

Как ранее сообщалось, в минувшее воскресенье, 10 сентября, пропал гражданин Кусаинов Е., 1987 года рождения, который уехал на рыбалку с ночевкой.

5,9 МЛРД ТЕНГЕ НЕОБХОДИМО ДЛЯ МОДЕРНИЗАЦИИ ОПРЕСНИТЕЛЬНОГО ЗАВОДА В МАНГИСТАУ