Жаңалықтар

3 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының кезекті маусымы аяқталғанымен, өңірді көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары әлі жүріп жатыр. Осындай шаралардың бірі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Атырау қаласына қарасты, Геолог ауылдық округінің жағажайында өтті.

Жағажайға арнайы күл-қоқыс салуға арналған 1 кубтық контейнер қойылды. Айналаны тазалау жұмыстарына отызға жуық адам қамтылып, жиналған қалдықтар жүк көлігіне тиеліп, қоқыс полигонына жөнелтілді.

«Таза жағалау» акциясы аясында, ауылдық округ тұрғындарына арнайы парақшалар таратылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акцияға сарбаздардың барлығы ерікті түрде қатысқан. Айта кетейік, бұған дейін ресурстық орталықтың бастамасымен, Атырауда алғаш рет, плоггинг кеңкөлемді жобасы жүзеге асқан болатын.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *